Суббота
17.11.2018
07:27
Форма входа
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2018  »
ПнВтСрЧтПтСбВс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
Архив записей
Наш опрос
Как вы провели новый год?
Всего ответов: 13
Друзья сайта
Туризм
  • dar-aktobe.com
  • zere-tour.com
  • dar-aktobe.ucoz.ru
  • Прочее
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Статистика

    Онлайн всего: 1
    Гостей: 1
    Пользователей: 0

    Туроператор Зере Тур

    Даласын киік, көлін аққу-қаз мекендеген өлке

    Даласын киік, көлін аққу-қаз мекендеген өлке
    Алғашқы экотуристік сапар
    Экотуристік маршруттың алғашқы сапары БАҚ өкілдеріне арналды. Ол облыстық спорт және туризм бастармасы мен «Зере Тур» туристік агенттігінің ұйымдастырумен өткізілді.Сөйтіп, БАҚ өкілдері Малайдар көлдер жүйесі бойымен Маңтөбе, Алмат тамы, Малайдар көлінің жағасы және Жаманшың бойын аралап көрді. Екі күнге созылған туристік сапар оқиғаға толы.
    Келер жылы «Ырғызға барам» деген турист өзіне ыңғайлы маршрутты таңдап, байтақ даланың байлығын тамашалай алады. Туристік, оның ішінде экотуристік әлеуеті жоғары Ырғыз ауданы Ақтөбеден 450 шақырым қашықтықта орналасқан. Көптің «қолы жетпеген арманы» - шалғайдағы ауыл болды. Мұнда жоспар құрып, алға мақсат қойып шығатындар бар. Олардың арасында Еуропа, Азия, тіпті, әлемнің бар түкпірінен саяхатшылар, зерттеушілер, ғалымдар келеді. Соған қарамастан тау-тасы мен өзен-көлі сыр жасырады, ашылмаған құпиялары ұшан-теңіз.
    Табиғат берген үлкен сый – «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерваты». Бұдан үш жыл бұрын, яғни 2007 жылы жалпы жер көлемі 763 549 га болатын ерекше қорғалатын резерват өз жұмысын бастады. Қазір тағы 410 мың га аумақты резерватқа қосу жұмыстары жүріп жатыр. Ал, зоологиялық қаумал аумағы 290 мың га болады. Нәтижесінде барлығы 1,5 млн. га жер ерекше қорғалатын табиғи аймақ. Бұл Ырғыз ауданының 25 пайызын құрайды.
    Көптілеу Қосаяқов – Ырғыз ауданы әкімінің орынбасары:
    - Қызылорда, Қостанай, Қарағанды облыстарының территориясымен шектесетін ауданның іргесінен «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізі өтіп жатыр. Ырғызға бағытталған 23 шақырым тасжолдың тең жартысы қалпына келтірілген, өзгесі келесі жылдың еншісіне қалдырылды. Салынған жол бүгінде туристерге ашылған қақпамен тең.
     
    Резерват «GPRS-сі»
    Бас-аяғы 65 инспектор күні-түні дала сұлуы киікті қызғыштай қорғап келеді. Олардың айтуынша, Қызылордадан келетін браконьерлердің арыны мықты. Мінгендері алып «Джип» пен мотоцикл, қусаң жеткізбейді. Қиын-қыстау кезде жан-жақтағы инспекторлар жұмылып, бар күшті ұрыаңшыларға қарсы жұмылдырады. Астына «мінген аты» «УАЗ» болғандықтан қуады, бірақ жете алмай қор болады екен.
    Омар Сақтағанұлы- күзет бөлімінің бастығы:
    - Біздің ең бірінші мақсатымыз – киікті қорғау, құстарды, өсімдіктерді өз қалпында сақтау, тарихи ескерткіштерді кейінгі ұрпаққа жеткізу болып табылады. Резерват ашылған жылы киік саны 7-14 мың болса, бүгінде 85 мыңға жетті.Инспекторлардың жазда түз тағысын қорғауға мүмкіншілігі бар.Алайда, қыс мезгілінде кезігер қиындық көп. Алдымен, көлікке қатысты. Жалғыз «Урал» көлігі бар, жөндеп қойған болып отырмыз.Бұл-ескі машинаны Шымкенттен алғанбыз. Содан басқа бізде үлкен машина жоқ. Қыста үлкен машиналар болмаса, «УАЗ» көлігімен жүре алмай қалатын уақыт болады.
    Ұзын-ырғасы 35 жылдық тәжірибесі бар күзет бастығы ешқашан Ырғыз жерінен адасқан емес. Әр тау-тасы мен өзен-көлін жатқа біледі екен. Дегенмен, «GPRS-ті» қолдану қажет. Бұл – спутник арқылы бақылап отырған басшылыққа берер есебіне керек екен. Қызметтестері оны әзілдеп «резерват «GPRS-сі» деп атап кеткен. Мақтанбайды, бәрін өз жұмысы, қызметі деп санайды.
     
    Киіктің мүйізін алып, етін тастайды
    Қомақты қаржы әкелетін киік мүйізіне көз салушылар көп. Олар жақсы «қаруланған».
    Мереке Жұбанияз -экологиялық, ағартушылық және туризм бөлімінің бастығы:
    -Киік мүйізі қымбат. Қызылордада ол 80 мың теңге, Қытай елінде 2 мың доллар деп естігенбіз. Сондықтан, киікті аулаушылар көп. Сондықтан да, және қорқыныш тудыратыны да киіктің мүйізін алып, өзін теңкитіп тастап кететіндер де көбейіп барады.
    Омар Сақтағанұлы- күзет бөлімінің бастығы:
    - Тек «Джиппен» жүретін браконьерлерге «УАЗ-бен» жету мүмкін емес, олар бізді мазақтап, жолға доңғалақ жарғыш тастап кетеді. Оған 5-6 машина түсіп қалды.
    Қуып жетіп, ұрыаңшыларды ұстаған күннің өзінде, анық айғақ пен бұлтартпас дәлелмен сауаттылық қажет. Әйтпесе, «бұғанағы қатпаған» заңды әрі-бері бұрмалап,сауатты қорғаушы жалдайтын ұрыаңшылардың қылмысы үшін жауап бермей құтылып кететін кездері болып тұрады.
     
    Туристердің таңдауы өзінде
    Бүгінде денсаулығын күтіп, дертіне дауа іздеушілер көп. Шетел асып тұзға түсушілер де бар. Мұндай емдік қасиеті мол тұзды Ырғыз өңірінен кездестіруге болады.
    Тіпті, қызы-жазы ыстық су атқылап тұратын бұлақ та осында.
    Экотуристік маршрут қатарындағы «Малайдар көлдер жүйесі» экологиялық-туристік және ғылыми-танымдық мәні зор ерекше аймақ.
    Мереке Жұбанияз -экологиялық, ағартушылық және туризм бөлімінің бастығы:
    - Саяхаттанушылар аудан орталығы Ырғыз селосынан Малайдар көлдер жүйесіне барар маршрут бойында орналасқан Кіші жүз қазақтарының Ресейге қосылу шартына қол қойған «Маңтөбе» жеріне орнатылған ескерткішті, ХІХ-ХХ ғасыр аралығында салынған ескерткіш-мовзалейлерге тән Алмат тамы қорымын, құм жоталарын, сол жота арасында өсіп шыққан қос теректі, Ұзынкөл көлдер жүйесін, Малайдар көлдер жүйесін бақылау алаңдары арқылы тамашалай алады. Туристер қамыс арасындағы жасырын бақылау алаңдары арқылы көл бетіндегі, оның жағасындағы табиғи тіршілікпен етене танысады.
    Тағы бір маршрут «Ырғыз-Торғай мемлекеттік табиғи резерват» аумағына кіретін сулы-батпақты Іріңкөл мен Келтекөл аумағы. Екі көл де құстар қоректенетін, ұя салатын, өсіп-өнетін орын. Бұл маңда тұрмыстық және емдік мақсатта, ас тұзы ретінде пайдалануға болатын Қожагелді тұзы бар.
    Экотуристік маршрут желісінде өсімдіктер мен жануарлар дүниесі таныстырылады. Мұнда қасқыр, шибөрі, борсық, түлкі, қарсақ, қоян, жабайы доңыз, ақбөкен кездеседі. Қызыл кітапқа енген қоқиқаз, жалбағай, бұйра және қызғылт бірқазанды тамыз-қыркүйек айында көруге мүмкіндік бар.
    Дәл осы сапарға Жаманшың қосылды. Ырғыздан 40 шақырым қашықтықта орналасқан Жаманшың туралы 1941 жылы шыққан Л.Яншин, А.Вахромеев мақала жариялайды. Онда алып метеориттің құлағаны да айтылған. Миллион жыл бұрын құлаған метеориттің орны 5-6 шақырымды құрайды. Ал, тереңдігі 700 метр. Мұнда тастың алуын түрін бар. Түстері де бір-біріне ұқсамайды.
    P.S. Ырғызға туристік жол ашылды. Елді көріп, жерді тануды қалайтын әр адам мол байлықты өз көзімен көре алады. Тек, алыс жол бар демалысты ұмыттырып жібереді әзірге. Әуе қатынасы іске қосылса, инвесторлар мол қаржы құйса, Ырғыздың шипалы тұз-суы, қайталанбас табиғаты таңдай қақтырып, бас шайқатары сөзсіз. Ырғыз туризмінің тар соқпағы, болашақта даңғыл жолға айналады деген сенім ұялатады.
     
    Керек дерек
    Табиғи резерваттың Ырғыз өңірінде құрылу себебі, табиғаттың биоалуантүрлілігін сақтап қалу, қорғау және көбейту болып табылады. Сонымен қатар, табиғи резерват аумағы киіктердің Бетбақдала популяциясының миграциялық жолы мен лайлайтын, қоректенетін ортасы болып отыр. Ырғыз, Торғай, Өлкейік өзендерінің бассейніндегі 80-ге жуық көлдер жүйесі Дүниежүзілік Рамсар Конвенциясының тізіміне енгізілген сулы-батпақты алқап болып есептеледі.
     
    Керек мәлімет
    Құстардың 250 түрі, оның ішінде Қазақстанның Қызыл кітабына енген 32-і түрі бар. Сүтқоректілердің 42, бауырмен жорғалаушылардың 14, балықтың 8, қосмекенділердің 4 түрін кездестіруге болады. Биылдан бастап Малайдар көлдер жүйесіне экотуристік муршрут бекітілді.

    Алтынай САҒЫНДЫҚОВА.